RU
Астанада сыз басқан үйде 9 баласымен тұрып жатқан ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Астанада сыз басқан үйде 9 баласымен тұрып жатқан ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Астанада тоғыз баласы бар отбасы екі мәрте газға уланып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Көп балалы отбасының қазіргі баспанасында балаларға еш жағдай жасалмаған көрінеді. Ал отағасының бар тапқан-таянғаны несиеден аспайды екен. Тоғыз балалы жанұяның жанайқайын NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Фото отбасының жеке мұрағатынан

Фото отбасының жеке мұрағатынан

Әсия Қуатбаева тоғыз баланың анасы. Елорданың "Лесозавод" ауданында тұратын ол, былтырғы жылы қатарынан екі рет иіс тиіп, отбасымызбен ауруханада жатып шықтық дейді.

"Былтыр бүтіндей бір отбасымызбен иіс тиіп, қаладағы "Мастер" жақтағы балалар ауруханасында жатып шықтық. Сосын бір рет тағы да өрт шыға жаздап, одан да құдай сақтап аман қалған едік. Балаларымның алды студент, 3 курс оқиды, төртеуі мектепке барады. Ал ең кішкентайымыз, кенжеміз бар-жоғы төрт айлық қана.

Өзім 2012 жылдан бала күтіміне байланысты демалыстамын. Депо-да жұмыс істегенмін. Жолдасым әлі де сол жерде жұмыс істеп жатыр. Алайда белі қайта-қайта ауыра бергендіктен, "больничныйға" көп шығады.

Қолына алатыны бар-жоғы 60 мың теңге. Оның өзі несиені жабуға кетеді. Екінші жұмысқа да тұрды. Бірақ оның да жартысын банк несиеге алып қояды. Ал қалғаны басқа несиеге, ломбардқа кетеді", - деп мұңын шақты көпбалалы ана.

Сонымен бірге ол Астанадағы ағасының үйінде тұрған тұрғылықты мекен-жайынан да шығуға тура келетінін жеткізді.

"Кеше ғана ағам келіп осындай талап қойды. Құзырлы органдар алдыңғы күні тексеріп келіп, мені "пропискадан" шығару керектігін айтыпты. Енді "пропискамыз" болмаса, үйді қалай алады екенбіз? Әкімдікке үй болмса да, тым құрыса жалдамалы пәтер бер деп бардым. Себебі үйде ешқандай жағдай жоқ. Балалар №49 мектепте оқиды, оған да тұрақты барудан қалды.

Мынадай суық, үйде балалар жиі ауырып, жөтелдері кетпей қояды. Себебі үй сыз, жуынатын жер де жоқ. Суық бөлмеде легенде жуындырамыз деп, үнемі балаларды ауыртып аламыз.

Үйде пеш жағамыз, бірақ жылынбайды, қосымша электр пешін қосуға мәжбүрміз. Тіпті, балаларымда жататын төсегіне дейін жоқ. Оларға арналған қос қабатты төсегіміз болған. Былтыр Қосшыда пәтер жалдап тұрғанда, қандала пайда болып, бүкіл төсек-орын, кілемдердің бәрін жағуға тура келді. Ұят та болса айтайын, үйде жамылатын көрпе, жастанатын жастыққа дейін жоқ. Ал теледидарды балапандарым көрмегелі екі жылдан астам уақыт өтті. Өзім жұмысқа шығайын десем, денсаулығым жоқ. Ағзамда екі бірдей залалсыз ісік бар", - дейді көпбалалы ана.

Көп балалы анаға көмек қолын созамын деушілер келесі телефон номеріне хабарласып, төмендегі карта номеріне ақша аудара алады.

Әсия Қуатбаеваның телефон номері: 8 775 994 19 73

Каспий голд карта номері: 5169 4931 8676 7466

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel