RU
Ақмола облысында кәсіпкерді өлтірген экс-әкім 8 жарым жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында кәсіпкерді өлтірген экс-әкім 8 жарым жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында адам өлтірді деген күдікке іліккен Курск ауылдық округінің экс-әкімі Владимир Рогозный мен 28 жастағы Азамат Әбілқадыровқа қатысты сот үкімі шықты. Олар 8 жарым жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды КТК арнасы.  

Ақмола облысында кәсіпкерді өлтірген экс-әкім 8 жарым жылға сотталып кетті

Видеодан алынған кадр

Өткен жылдың наурыз айында кәсіпкер Баржақсы Жәмішев сол кездегі ауыл әкімі Владимир Рогозныйдың жеке көлігінен түнгі сағат 2 шамасында ес-түссіз күйде табылған.

47 жастағы азамат бес күн бойы комада жатып, қайтыс болады. Осы оқиғадан кейін Рогозный бірден әкім қызметінен кетті.

Үйқамақта 6 ай отырған ол Жәмішевті көліктен секіріп кетті деп кінәсін мойындамай келген еді.

Марқұмның туысқандары қалталы кәсіпкердің әкім болған ұлы жазадан құтылып кетуі мүмкін деген күдікпен тіпті, эксгумация жасатып, тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгінген болатын.

Кейіннен Курск тұрғыны Азамат Әбілқадыровтың да осы іске қатысы бар болып шықты. Сот бұрынғы әкімді де, 28 жастағы Азамат Әбілқадыровты да 8 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Олардың қолына сот залында кісен салынды. Екеуі де жазасын қауіпсіздігі орташа еңбекпен түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Жәмішевтің отбасына екеуі 5 миллион теңге моралдық шығын да өтеуге міндеттелді. 

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel