RU
Қостанайлық балықшылар екі тәулік бойы қар құрсауында қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайлық балықшылар екі тәулік бойы қар құрсауында қалған

Рассказать Вконтакте

Арқалық-Қайыңды автожолының 65-ші шақырымында адасып кеткен балықшыларға көмек көрсетілді деп хабарлайды Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Қостанайлық балықшылар екі тәулік бойы қар құрсауында қалған

Көрнекі фото: pikabu.ru

«112»-ге Қараторғай өзені маңында 1986 және 1988 жылдары туған екі балықшы мінген жеңіл көлік екі тәулік бойы қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түскен.

Жолға шыққан балықшылар боран салдарынан кері қайта алмапты.

"Құтқарушылар келгенде автокөлікте бірнеше сағатқа жететін бензин қалғаны анықталды. Термометр бағаны -25 градустан төмен түсіп кеткен", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар комитетінің Арқалық қаласындағы Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына өтімділігі жоғары ГТ-ТБ техникасымен жеткен.

Олар қар құрсауында қалған автокөлікті оқшау жерге сүйреп шығарып, Арқалық қаласына дейін жеткізіп салған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel