Выйти
RU

Ақтауда кәріз құдығынан жаңа туылған шақалақтың денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда кәріз құдығынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтауда канализация құдығынан жаңа туылған шақалақтың денесі табылды

Көрнекі фото: Fotolia / Female photographer

Сәбидің денесі 10 ақпан күні Ақтаудағы ықшам аудандардың бірінде кәріз құдығынан табылған.

Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 100 бабы бойынша (Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық құқық бұзушылық картасына" сәйкес Ақтауда ақпанның төрті мен 10 аралығында 27 ұрлық, екі алаяқтық, екі бұзақылық, біреудің меншігін иемдену және талан-таражға салудың екі фактісі, сондай-ақ бір құмар ойын ұйымдастыру фактісі тіркелген.

Сонымен қатар есірткі саудасы ісіне қатысты 27 қылмыс анықталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда кәріз құдығынан жаңа туылған шақалақтың денесі табылды