RU
Қысқа шорты киген Мәдина Сәдуақасова тағы да жұрттың сынына ұшырады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қысқа шорты киген Мәдина Сәдуақасова тағы да жұрттың сынына ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Шетелде демалыста жүрген Мәдина Сәдуақасова желіге суреттерін жариялаймын деп сыннан көз аша алмай қалды. Бұл жолы шолақ шалбар киген әншіні желідегілер тағы да қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Купальникпен түскен фотосын желі қолданушыларының пікірінен соң Instagram парақшасынан өшіріп тастаған әншінің жаңа суреті де көпшілікті елеңдетпей қоймаған.

"Қырыққа келгенде қылық шығарды" деген осы шығар", "Мәдина, сізге не көрініп жүр?", "Соңғы уақытта сізге адамдардың назары жетіспей жүр-ау деймін".

"Айналайын-ау, бөксеңді жапсаңшы", "Өздерің осындай сурет салған соң, пікірімізді айтамыз. Біресе купальникпен, біресе өте қысқа шортымен сурет салып жүрсіз. Кімге еліктеудесіз?".

"Мынауың ұят", "Әдемісіз. Бірақ жалаңаштанбасаңыз да сізді жақсы көреміз ғой", "Қазақ қыздарына үлгі болудың орнына" деп желі қолданушылары теріс пікірді қарша боратқан.

Айта кетейік, Таиландта демалып жүрген әнші бірнеше күн бұрын кпульникпен түскен суретін желіге жүктеген болатын. Қазіргі уақытта әнші сіңліліері мен ұлымен демалысқа аттанған.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
28
1
1
0
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel