Әйгілі ресейлік футболшы Андрей Аршавиннің үстінен әйелі Алиса полицияға арыз жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл ақпарат "Телеграм" желісіндегі Mash арнасында жарияланған.
Қайраттың бұрынғы ойыншысы әйелінің "Мерседес" маркалы көлігін тартып алған.
Бұдан бөлек, спортшы жұбайын бұрын берген ақшасын қайтармаса, түрмеге қаматқызатын айтып қорқытқан.
Қазіргі уақытта құқық қорғау қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Егер футболшының кінәсі анықталса, оның үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1778103-andrej-arsavinni-stinen-jeli-policiaga-aryz-tsirdi/