RU
Сағынтаев ІІМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне сөгіс жариялауды ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев ІІМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне сөгіс жариялауды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының өкімімен тағайындалғандықтан Президент әкімшілігіне ІІМ министрі орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: ҚР Үкіметі баспасөз қызметі

Фото: ҚР Үкіметі баспасөз қызметі

"Сіздер көріп отырғандай, өртке қарсы және су тасқынына қарсы қауіпсіздік саласындағы бірқатар мәселелерге ерекше назар аудару қажет.
Осыған байланысты жылыту маусымының соңына дейін Iшкі істер министрлігі және барлық әкімдерге Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстау қажет, өрт-профилактикалық жұмысты жалғастыру қажет. Көп балалы, аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер тұратын үйлерге ерекше назар аудару керек", - деді Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ, өрттің алдын алу және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бақылауды әлсірету бойынша тиісті емес жұмысы үшін ІІМ-не ұйымдастырушылық, тәртіптік шаралар кешенін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

"Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалғандықтан Президент әкімшілігіне ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізілсін.
Қатаң сөгіс - ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккерге берілсін. Ал ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев қызметінен босатылсын. Ол ұзақ уақыт бойы Астана қаласы ТЖ департаментін басқарды. Астаналық ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Аманбаев Марғұланға да қатаң сөгіс берілсін. Себебі, ол ұзақ уақыт бойы астаналық Департамент бастығының орынбасары болған", - деді үкімет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel