Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде көпір көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде көпір көру не білдіретінін sonnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде көпір көру нені білдіреді?
Көрнекі фото: timberspb.ru: Facebook

Егер түсіңізде жартылай қираған ұзын көпір көрсеңіз, ең қымбат нәрседен айырылып, сол үшін қатты қынжылатыныңызды білдіреді.

Ғашық жандарға мұндай түс көп ұзамай айырылысу болатынын хабарлайды. Сүйіктіңіздің сіздің тағдырыңыз емес екенін түсінесіз.

Ал түсіңізде көпірден өткен болсаңыз, шынайы өмірде барлық қиындықтарды жеңесіз деген сөз.

Көпірден өтіп бара жатқанда қандай да бір кедергілер кездессе, мұның бәрі мақсатқа жету жолында кездесетін қиындықтарды білдіреді.

Түсіңізде кенет алдыңызда көпір пайда болса, бұл сүйіктіңіздің сізге опасыздық жасайтынын білдіреді.

Егер көпірден төмен қарағанда су мөлдір болса, онда болашақта байлыққа кенелесіз. Ал су лай болса, көздеген мақсатыңызда жете алмайсыз деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778122-tsiizde-kpir-kru-neni-bildiredi/

pixel