RU
Қазақстан Ливанға тағы да әскерилерін аттандырады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Ливанға тағы да әскерилерін аттандырады

Рассказать Вконтакте

Қазақстаннан Ливанға бітімгершілік мақсатта тағы әскерилер аттанады. Қазір сарбаздар Алматы облысындағы "Іле" полигонында жаттығып жатыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Арнаның хабарлауынша, Қазақстан әскерилері Ливанға сәуір айының соңында аттанады.

Олар сол жақта борышын өтеп жүрген сарбаздары алмастырады. Әскерилардың іс-сапары алты айды қамтиды.

Олардың негізгі міндеті Ливандағы өздеріне берілген аймақтық шекарада бейбітшілікті сақтау болып табылады.

Еліміздің Қорғаныс министрі екінші бітімгершілік ротаның дайындығымен танысқан.

"Бұл мемлекеттік маңызды іс. Бұл – әлем қоғамдастығы алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындауы болып табылады.

Бітімгершілік миссияға қатыса отырып, сіздер халықаралық аренада Қазақстан Республикасының намысын қорғайтыңдарыңызды естен шығармаңыздар.

Алған білімдеріңіз бен жауынгерлік машықтарыңыз әр түрлі стандарттық емес жағдайларда блок бекетке жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді", - деді қорғаныс министр Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Еске сала кетсек, Біріккен Ұлттар ұйымының тапсырмасын орындау үшін бұған дейін 120 сарбаз Ливандағы соғыс ошағына кеткен болатын.

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel