RU
Семейде суық пәтерден безген жұрт туыстарын жағалап кетуге мәжбүр
Жаңалықтар Қоғам

Семейде суық пәтерден безген жұрт туыстарын жағалап кетуге мәжбүр

Рассказать Вконтакте

Семейде 10 қабатты тұрғын үй тұрғындары пәтерлердегі температура 15 градустан аспайтындықтан туыстарын паналап жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Семей тұрғындары суық пәтерлерінен қашып, туыстарын паналап жүр

Фото:Видеодан скриншот

10 қабатты тұрғын үйдегі 30 пәтердің тұрғыны жазда қысқа қамданып, өз қалталарынан 15-22 мың аралығында ақша шығарып, тозығы жеткен құбырларды ауыстырған.

Дегенмен қыстың қақаған аязында үйдегі температура 10 градустан аспайды екен. Адамдардың сөзінше, жылу қазандықтан дұрыс келмейді.

Сондықтан тұрғындар үйлерін жылыту үшін тоқ пештерді пайдалануда. Дегенмен оның өзі пәтерлерін жылытуға қауқарсыз екен. Сонымен қатар электр тоғына да қыруар қаражат кетуде.

"Тоғыз мың теңгені не үшін төлеп отырмыз? Себебі пәтеріміздің іші 12-14 градус, аяз қысқанда тіпті төмендеп кетеді", - дейді Ғафур Ақылбеков.

"Жылукоммунэнерго" мекемесі жылу инспекциясының бастығы Жұман Мусин бұл жайтқа тұрғындардың өздерін кінәлап отыр.

"Батареяның ішін тот басады. Сондықтан оны тұрғындар тазалап отыруы қажет. Бірақ олар олай істемейді. Керісінше жаңа батареяны қосымша жалғай береді. Мұндай артық батарея жылудың жетіспеушілігіне әкеліп соғады дегенді түсінбейді", - деді Жұман Мусин.

Сонымен қатар коммуналдық қызмет өкілдері үй қабырғаларының жұқа екенін, пластик құбырдың орнына темір орнату керегін алға тартып отыр. Бұл олқылықтарды тек жазда түзеу мүмкін, оған дейін шыдаудан басқа амал жоқ.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel