RU
Алғашқы махаббатынан қапыда көз жазған ару жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Алғашқы махаббатынан қапыда көз жазған ару жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Астанада құрылыста жұмыс істеген ғашығынан қапыда айырылып қалған ару жан сырын ақтарды. Ол екі жыл көңіл қосқан жігіті қайтыс болғанына әлі күнге сенбейтінін айтты деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: Ok.ru

Көрнекі фото: Ok.ru

Екі жыл бойы көрші ауылдың жігітті сүйіп, бірге болған бойжеткен сүйікітісінен бір күнде көз жазып қаламын деп ойламаған. Ол ғашығының жанұясын да танып, жақсы араласқан.

Алайда күндердің күнінде жастардың бақытты сәттері көзден бұлбұлдай ұша жөнеліпті. Тағдырдың тәлкегімен Астанада құрылыста жұмыс істеп жүрген жігіт төртінші қабаттан құлап, көз жұмған екен.

Сол күні ол сүйіктісіне хабарласып, өзінің сүйетінін жеткізіпті.

"Арада 4 сағат өткенде інісі маған телефон шалып, оның қайтыс болғанын айтты. Мен оны естігенде сенбедім, жыладым. Түндерім жылаумен өтті, оның жоқ екеніне сене алмадым", -дейді бойжеткен.

Арада біраз уақыт өткен соң ауылға барған ару марқұм жігітінің анасын кезіктірген. Ол кісі аруды екінші ұлына алып бергісі келетінін жеткізген екен. Алайда, қатты таңырқаған ару бұл ұсыныстан бас тартыпты.

Мұңын шаққан бойжеткен қазір өзге жігітпен сөйлесіп жүргенін айтады. Бойжеткенің сөзінше, азамат өзін қатты сыйлайды әрі түсінеді. Алайда, ару әлі күнге дейін не таңдарын білмей жүр екен.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel