Теңіз кенішінде 25 жұмысшы уланып қалды
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 25 жұмысшы тамақпен улану белгілерімен ауруханаға түскен деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bnews.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Теңізшевройл" бірлескен мұнай-газ кәсіпорны жұмысшыларының жағдайы кешкі астан кейін нашарлаған.
25 адам улану белгілерімен медициналық көмекке жүгініпті. 21 адам тексеруден өтіп, кейін өз беттерімен емделуге жіберілген.
Төрт адам Құлсары аудандық ауруханасына жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір