Выйти
RU

Марат Омаровтың үш некесінен туған қыздары бір-бірімен араласа ма?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал отандық композитор Марат Омаровтың үш некесінен бірнеше ұл-қызы бар екенін көпшілік біле бермейді. Өнер иесінің қыздары бір-бірімен араласады ма? Бойжеткендер елді алаңдатқан сауалға "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Марат Омаров қыздарымен. Фото: nur.kz, "Ревю" бағдарламасы. Коллаж: NUR.KZ

Марат Омаров қыздарымен. Фото: nur.kz, "Ревю" бағдарламасы. Коллаж: NUR.KZ

Марат Омаровтің бірінші некесінен - Зарина, Мадина, Азамат, екінші некесінен - Зульфия, үшінші некесінен - Бибімәриям деген ұл-қыздары бар.

Композитордың тұңғышы әнші болса, екінші некесінен туылған 25 жастағы Зульфияны көпшілік тани бермейді. Ал өнер иесінің кенже қызы бүгінде өнер сахнасына шығып жүр.

"Заринаны, бірінші әйелін көп адам біліп қалды. Зарина халықтың алдына шықты. Менің мамам мен әкем ұзақ өмір сүрмеген. Мен бір 5 жасыма келгенде, екеуі ажырасып кетті", - дейді Зульфия.

Сондай-ақ бойжеткендер әулеттегі тойларда жиі кездесіп тұратынын мәлім еткен.

"Бибімәриммен әкеммен жолыққанда кездесіп тұрамыз. Бибімәриммен де қарым-қатынасымыз жақсы. Өте өнерлі, кішкентай біздің қанымыз ғой бәріміз", - дейді Марат Омаровтың ортаншы қызы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Марат Омаровтың үш некесінен туған қыздары бір-бірімен араласа ма?