RU
Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке ауысты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке ауысты

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kz-news.info

Фото: kz-news.info

"Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетов ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындалсын" , - деп жазылған Елбасы қаулысында.

Жаңа ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғұмбаев тағайындалған.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы Алматы облысы, Іле ауданының Бәйсерке ауылында дүниеге келген.

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы -заңгер. Полиция генерал-лейтенанты.

1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

12.04.2011 бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Сіздің реакцияңыз
28
2
3
0
1
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel