Выйти
RU

Назарбаев "Сырбар" барлау қызметінің директорын тағайындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін мемлекет басшысы "Ғ.Ж. Байжановты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  қызметінен босатылсын", - делінген құжат мәтінінде.

Сонымен бірге, аталмыш лауазым бойынша қызмет еткен Исатай Сартаев "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев "Сырбар" барлау қызметінің директорын тағайындады