Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ министрінің орынбасары үкімет басшысының сөгісіне жауап берді

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың бүгінгі сөгісінің әділ болғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Юрий Ильин. Фото: primeminister.kz
Юрий Ильин. Фото: primeminister.kz: Depositphotos

"Кез келген мемлекеттік қызметкердің немесе погон тағып жүрген адамның басшылық шешіміне сын айтуға құқығы жоқ. 

Алған ескерту мен сөгісті объективті деп санаймын", - деді Ильин.

Ол Сағынтаетың сөгісінен соң тиісті шаралар қабылданатынын алға тартты.

Бірақ бағыныштыларды жазалау емес, алдағы уақытта Астанадағы өрттен қайтыс болған бес баланың өліміне ұқсас оқиғалардың қайталанбауы үшін жұмыс істелетінін мәлімдеді.

Ильин бұл "ІІМ жұмысының дұрыс еместігін" көрсетпейтінін айтты.

"Бағаны бізге тек қызметкерлер ғана емес, халық та береді деп ойлаймын.
Жұмыстың басым бөлігін қатардағы қызметкерлер атқаратындығын барлық жауапкершілікпен айта аламын. Біз тіркеп отыратын құтқарылған өмір саны - бұл көмек көрсеткен адамдардың ең жоғары бағасы", - деді Ильин.

Еске сала кетсек, үкімет басшысы Сағынтаев ІІМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне сөгіс жариялауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778201-iim-ministrini-orynbasary-kimet-bassysyny-sgisine-zauap-berdi/

pixel