RU
Танымал актриса мен екі адамның өліміне күдікті азамат кінәсін жартылай мойындады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Танымал актриса мен екі адамның өліміне күдікті азамат кінәсін жартылай мойындады

Рассказать Вконтакте

Алматыда жантүршігерлік жол апаты нәтижесінде қаза тапқан актриса Шолпан Елгезекова мен тағы екі адамның өлімі бойынша айыпталып жатқан азамат кінәсін жартылай ғана мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін қылмыстық істер бойынша Алмалы аудандық соты ғимаратында барша Қазақстан халқын дүрліктірген іске қатысты сот отырысы басталды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ильяс Қар 2018 жылдың 29-шы желтоқсанында мас күйде Gelandewagen автокөлігін жүргізіп, жол апатына себепкер болғаны үшін айыпталуда.

Ер адам Абай көшесімен келе жатқан. Сейфуллин даңғылымен қиылыста ол аса үлкен жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіпті.

"Митсубиси" жүргізушісі сол мезетте Сейфуллин даңғылымен келе жатқандықтан, екі көлік қатты соқтығысып қалған.

Нәтижесінде, "Митсубиси" көлігі екі жолды бөліп тұрған темір құрылғыны қиратып, бағдаршамға соғылады. Артынша көлік аударылып қалған.

Хамитова, Елгезекова және көлік жүргізушісі аса ауыр жарақат салдарынан оқиға орында жан тапсырған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Прокурор айыпталушы Кар Қылмыстық кодекстің 4 бөлімі, 345 бабы бойынша айыпталып жатқанын мәлімдеді. Оған қоса, азамат оқиға орнынан қашып кеткен.

Ильяс Кардың өзі кінәсін жартылай ғана мойындады.

"Кінәмді жартылай мойындаймын. Мас күйде болғанымды мойындамаймын. Мен қашып кеткім келмеген. Ондай ойым да болмаған" , - деді ол.

Айта кетейік, іске қатысты сот оытырысы бүгін Алматыда басталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel