RU
13 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

13 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін келісімшартқа қол қойып, серіктестікті нығайту үшін қолайлы күн. Еңбек өнімділігіңіз бен беделіңіз артады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 13 ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

13 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: primetime.az

1. Тоқты

Кәсіби салада артқан беделіңіз - қажымай еңбектенуіңіздің арқасы. Бірақ қазір біраз тыныққан жөн. Демалысты қайда өткізетініңізді жоспарлаңыз. Бұл көңіл-күйіңізді көтеріп, күш-жігеріңізді еселеуге септігін тигізеді.

2. Торпақ

Демалыс пен ойын-сауыққа көңіл бөлген жөн. Достарыңызбен кездесіп, біраз сергіңіз. Маңызды ақпарат біліп немесе өмірлік серігіңізді кездестіруіңіз мүмкін.

3. Егіздер

Жұмыста да, үйде де жанжалға араласпаңыз. Бүгін пікіріңізді біреуге дәлелдеуге тырыспаңыз. Әйтпесе аяғы үлкен дауға ұласуы мүмкін. Сізді жақсы көретіндер онсыз да сізбен келісуді жөн көреді.

4. Шаян

Ұнататын адаммен уақыт өткізуге тырысыңыз. Бәлкім біраз ұяласыз, бірақ бұл бастапқы кезең ғана. Жай ғана бірге өткізген уақыттан ләззат алыңыз.

5. Арыстан

Күн өте сәтті өтеді. Кей жағдайда тік мінезділік таныту керек болса, кейде тапқырлығыңыз қажет болады. Бірақ бүгінгі еңбегіңіз міндетті түрде өз жемісін береді.

6. Бикеш

Бүгін мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздейсіз. Арманыңызға қол жеткізу жолында көптеген тәжірибе жинайсыз. Жұмыс бабында бұл жаңа табыс көзін табуға итермелеуі мүмкін. Немесе тіпті жұмыс салаңызды да ауыстыруыңыз мүмкін. Отбасыңызды ойлаған болсаңыз, маңызды шешімдер қабылдайтын боласыз.

7. Таразы

Ауқымды шешімдер қабылдамаңыз, ұсақ-түйек мәселелерді шешумен шектелген абзал. Сүйіктіңіз болып, ештеңені өзгертуді жоспарламасаңыз да жеке өміріңізде өзгерістер орын алуы мүмкін. Бастапқыда бұл өзгерістерді ұнатпасаңыз да, мұның бәрі сіздің игілігіңіз үшін.

8. Сарышаян

Ескі таныстарыңызды кездестіріп, бұрынғы қарым-қатынастарыңызды жандандыруыңыз мүмкін. Бүгін қарсы жыныс сізге көп ілтипат білдіреді. Мұның қаншалықты рас екенін жұмыс барысында әріптестеріңізде сынап көруге болады.

9. Мерген

Жаңа таныстық үшін қолайлы күн. Бүгін белсенділігіңіз артып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Мәселелерді шешуді кейінге қалдырмай, дер кезінде көңіл бөліңіз.

10. Тауешкі

Көп нәрсені үйретіп, өзіңізді табуға көмектесетін күн. Қаржылық жағдайыңыз түзеліп, маңызды өзгерістер орын алады. Ойлану керек болса да, алған бетіңізден қайтпаңыз. Басқаларға шешімдеріңізге ықпал етуге рұқсат етпеңіз.

11. Суқұйғыш

Ой сарасынан өткізілген шешімдер мен инвестициялық салымдар үшін өте қолайлы күн. Тәуекелге бармаңыз және бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Қандай да бір мәселеде сенімсіз болсаңыз, достарыңыздан көмек сұраңыз.

12. Балықтар

Бүгін күш-қуатыңыз артып, айналада болып жатқан оқиғаларды жақсы түсіне бастайсыз. Дұрыс шешім қабылдауға жағдайдың өзі сізді итермелейді. Әрекет етуге деген құлшынысыңызды тиімді пайдалана біліңіз. Соның арқасында жетістікке жетесіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel