RU
«BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетуде
Жаңалықтар Пресс-релизы

«BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетуде

Рассказать Вконтакте

2018 жыл «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының тарихындағы ең жемісті жыл болды. Оның қызметі BI Group холдингі қызметкерлерінің және меценаттардың аударымдары есебінен жүзеге асырылады. Айта кетейік, BI Group холдингінің 3 547 қызметкері ай сайын жалақыларының бір бөлігін Қорға аударып тұрады.

2018 жылы «BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады

Қор жұмысының мақсаты – сал ауруына шалдыққан балаларға емдік-оңалту шараларын көрсету. 2018 жылы жиналған 88 млн теңге - 173 хирургиялық отаға және 2 334 кешенді оңалту курстарына пайдаланылды.

Қазақстанның әр өңірінен 277 дәрігер үшін 28 мастер-класс ұйымдастырылды. «Менторлық» бағдарламасы шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға 3036 кеңес берілді.

«Жұлдызай» медициналық-оңалту орталығының арқасында, Қор қамқорлығындағы 735 баланың бұлшық ет қозғалысы, 319 баланың оқу дағдылары дамыды. Психологтармен, дефектологтармен және логопедтермен жұмыс жасау 635 баланың сөйлеу бұзылыстарын түзетуге және 464 балаға психологиялық түзету жасауға көмектесті.

2018 жылы «BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады

2018 жылдың өзінде күрделі диагнозы бар 20 бала өздігінен жүре бастады. Жалпы алғанда, 5 жылда 4-тен 13 жасқа дейінгі 69 бала алғашқы қадамдарын жасады.

5 жылда 479 ота жасалып, 6 527 кеңес берілді және қазақстандық дәрігерлер тоғыз жаңа әдістемеге оқытылды: «Менторлық» бағдарламасы бойынша еліміздің түрлі өңірлерінен 288 хирургке арналған 70 мастер-класс және 8 000-нан астам балаға оңалту қызметтерінің кешенінен өтті.

2018 жылы «BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады

2018 жылы «Жұлдызай» орталығы өзінің географиясын кеңейтіп, Алматы мен Атырауда оңалту орталықтарын ашты. Сондай-ақ, Қордың қаражатына Астана қаласының перинаталдық орталықтары жанынан 2 «Ерте оңалту» кабинеті жұмысын бастады. Нәтижесінде, 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі 451 бала оңалту курсын тегін алды.

Сонымен қатар, «BI-Жұлдызай» қоры ерекше балалардың инклюзиясы мен әлеуметтенуіне үлкен көңіл бөледі және осы мақсаттар үшін жыл сайын 13 жыл қатарынан шығармашылық фестиваль өткізіп келеді, оған іріктеу барлық облыстық қалаларда өтеді, ал финалистер Астанада өтетін гала-концертте өнер көрсетеді. «Жұлдызай-2018» шығармашылық фестивалі мемлекеттік арналарда, соның ішінде «Хабар» телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

2018 жылы «BI-Жұлдызай» қоры сал ауруына шалдыққан балаларға 173 хирургиялық ота жасады

«Жұлдызай» концерті «Барыс-Арена» мұз сарайының сахнасында өтіп, өз тарихында рекордты көрермендер санын - 6 000 адам жинады. 2017 жылдан бастап Қор қамқорлығындағы балалар үшін «Жұлдызай» атты ерекше спартакиада өткізеді, оған Қазақстанның әр өңірінен 2000-ға жуық адам қатысты.

Қатысушылардың 411-і Астанада 8 номинация бойынша жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Спартакиада Қазақстандағы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жалғыз спорт шарасы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel