RU
Жол апатында қаза тапқан актрисаның сотында куәгерлер тың дерекпен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Жол апатында қаза тапқан актрисаның сотында куәгерлер тың дерекпен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алматыда үш адамның өмірін қыршынынан қиған жантүршігерлік жол апатының куәгерлері сот алдына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Таксист, Ильястың бөлесі боламын. "Дархан" мейрамханасына корпаротивке шақырылғанмын. Жандосов пен Айманов көшелерінде болу керек. Мені Ильяс шақырды. Сағат 20:30 шамасында сол жерге әйеліммен бірге келдім. Сол жерде әріптестер болды. Мен ішімдік іштім. Ильястың ішкен-ішегенінен бейхабармын. Ол негізі ішімдік қолданбайды.

Бар-жоғы 8-10 адам және екі үстел болды.

Жол апаты жайлы, көлік рәсімделген адам маған қоңырау шалғанда бір-ақ білдім. Бірден солардың үйіне шығып кеттік. Ол жердетергеуші болған. Сағат 6:30-да білдім. Көлік басқа адамның атына тіркелген.

Gelandewagen- мен кімнің келіп, кетіп қалғанын білмеймін" , - деді куәгер.

"Жалпы шот 400 мың теңге, 5 бөтелке арақ пен төрт бөтелке коньяк" , - деді Шолпан Елгезекованың ағасы куәгерге сұрақ қою барысында.

"Не себепті ол жұбайын итерді? Ол жарын жалғыз қалдырып кетіп қала ма?" , - деді зардап шегуші.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Не себепті Ильяс ішпейді дегенге оның ағасы былай деп жауап берді:

"Мен олардың отбасыларында ұрысқанын білемін. Ол Израильге ота жасатып қайтқан соң, ішуді қойды. Ол қатерлі ісікке шалдыққан" , - деді ер адам.

Куәгер Ильяс Қарды "сөзінде тұратын, ешқашан ешкімді алдамаған адам" ретінде сипаттап берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оған қоса, сот отырысында сол күні Сейфуллин көшесімен жоғары бағытта келе жатқан әйел жауап берді.

"Мен дәл"Митсубисидің" артында тұрдым, сол жақта автобус болған. Автобус жүргізушісі жол апатының орын алуына өз септігін тигізді. Ол бар көріністі жауып тастады. Ол сол жақ қатардан қозғалмау керек болған. Біз жасылға жүре бастадық. Жол апаты дәл менің көлігімнің алдында болды. Мен көлікті тұраққа қойып, жедел жәрдем шақырдым. Ол 10 минуттай келмеді. Зардап шеккендердің екеуінде жүрегі соғып тұрған.

Есіктер ашылмаған соң, біз көліктің артқы жағын ашпақ болдық. Бірінші болып, ақ курткедегі қызды алып шықтық. Аты Шолпан болса керек. Ол жалаңаяқ бодды. Көліктен оның аяқ киімін тауып алдық. Біз бәрі есінен танып қалды деп ойладық. Мен бірнеше секундтық видео түсіріп үлгердім. Оның жүрегі соғып тұр деді. Дәрігерлерді сөккім келмейді. Бірақ олар асықпай қимылдады. Алып шығып, апарып уақытты жоғалтты. Бір қыздың курткасы жыртылып, ол жалаңаш арқасымен қарда жатты.

Біз дәрігерлер ұрыстық. Оны көлікке отырғызуды талап еттік. Бірінші болып Шолпанды алып кетті. Қара курткадағы қыз біздің көзімізше жан тапсырды.

Жедел жәрдемге қоңырау шалып жатқанымда, екі жігіттің бір азаматты шығарып жатқанын байқадым. Ортасындағы аяғын баса алмай тұрды. Сосын барлығы көлік жүргізушісін есіне түсірді" , -деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel