RU
Балалар үйіне жиі бас сұғатын қазақ меценаты өз қағидасы туралы айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Балалар үйіне жиі бас сұғатын қазақ меценаты өз қағидасы туралы айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемге белгілі бизнесмендерден дәріс алған отандық меценат Жанболат Бекмұсаев табыстың бір бөлігімен міндетті түрде бөлісу керек деген қағиданы қатаң ұстанған. 15 жылдан бері ол жылына кемінде екі рет балалар үйіне соғып, сый-сияпаттарын үлестіреді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Балалар үйіне жиі бас сұғатын қазақ меценаты өз қағидасы туралы айтты (фото)

Фото: Жанболат Бекмұсаевтың жеке мұрағатынан

Тек былтыр ғана оны «Жыл меценаты» деп танып, республика көлемінде марапаттаған.

 "Әрине, біз есеп үшін жүрмейміз. Жалғыз мен емес, қасыма ерген қыз-жігіттер де түскен табыстарының бір бөлігін мұқтаж жандарға үлестіріп береді. Бұл игі дәстүрге айналған. Бұл әр кәсіпкер үшін жазылмаған заң болуы керек", - дейді Жанболат Бекмұсаев.

Балалар үйіне барғанда кәсіпкерлер апарғандарын таратып қана қоймай, тәрбиеленушілермен өмір туралы да әңгіме-дүкен құратындарын жеткізді.

"Рас, балаларға бизнесмен бол деп айтпаймыз. Жалпы, бизнестің өзін кез келген адам жүргізе алмайды. Бастысы, адам болып қалу керектігін жиі айтып жүремін. Балалар үйінен шықсаңдар да, бір-бірлеріңе қарайласып, көмектесіңдер деп кетемін. Бизнес жүргізіңдер деп айта алмаймын. Өйткені, адам оған саналы түрде келеді", - дейді меценат.
Балалар үйіне жиі бас сұғатын қазақ меценаты өз қағидасы туралы айтты (фото)

Фото: Жанболат Бекмұсаевтың жеке мұрағатынан

Жанболат Бекмұсаев әйелімен, қасындағы серіктестерімен жылына кем дегенде екі рет балалар үйіне бас сұғады екен. Әр барғанда тұрмыстық техника, киім-кешек, азық-түлік, тағы басқа керек-жарақтар апарады.

Сонымен бірге, концерттік бағдарлама әзірлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлап қайтады.

"Балалар үйінің кейбір тәрбиеленушілері ер жеткенде өздері секілді ата-анасыз қалған балаларға көмектескілері келеді екен. Сол үшін де біз секілді бизнесмендерді үлгі тұтып, кәсіп бастағысы келетіндері де бар болып шықты.

Өз басым әлі көрмедім, бірақ, бір қыз бала мен қолға алған бизнесте жүр деп естідім. Алла сәтін салса, онымен де жүздесіп қалатын сияқтымын.

Бүгінде ол тұрмыс құрған көрінеді, бір баласы бар екен. Ісін де дөңгелетіп жатса керек. Барлығы жақсы болса, бәлкім ол да меценат болып шығар", - дейді Жанболат Бекмұсаев.
Балалар үйіне жиі бас сұғатын қазақ меценаты өз қағидасы туралы айтты (фото)

Фото: Жанболат Бекмұсаевтың жеке мұрағатынан

Айта кетейік, соңғы жылдары меценат туған ауылындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектеп-интернатын қамқорлыққа алған.

Осында тәрбиеленіп жатқан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және ата-анасыз қалған балаларға көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
28
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel