RU
Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналардың арызы назардан тыс қалмайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналардың арызы назардан тыс қалмайды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астана қалалық әкімдігінде шаһар басшысы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала тіршілігіне қатысты мәселелер талқыланған отырыс өтті деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Бақыт Сұлтанов жиналысты көпбалалы аналар мәселесін қарастыруға қатысты әкімдік тарапынан атқарылған жүйелі істердің жүзеге асырылу барысынан бастаған.

"Қазір аудан әкімдіктері тиісті жауапты мекемелермен бірлесіп, қаладағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Бізге өзінің әлеуметтік қиын жағдайын айтып көпбалалы аналар хабарласты. Біз олармен бірнеше кездесу өткіздік, барлығының өтініш-арызын қабылдадық. Осы арыздардың ешбірі әкімдік назарынан тыс қалмайды", – дейді Сұлтанов.

Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет жанынан азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын пысықтаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді.

Жұмыс тобы екі ай ішінде Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

"Қазіргі кезде аудан әкімдері азаматтарды қабылдап жатыр. Бұл жұмыс жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Әр өтініш бойынша мәселені шешу керек", – дейді қала әкімі.
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel