RU
"Ұсыныстар көп": Димашқа Канада, Корея, Түркия елдеріне шақырту келген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ұсыныстар көп": Димашқа Канада, Корея, Түркия елдеріне шақырту келген

Рассказать Вконтакте

Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева танымал ұлының алдағы концерттері мен АҚШ-тағы байқау туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Светлана Айтбаеваның сөзінше, Димаш АҚШ-тағы конкурсқа қазақтың өнерін, соның ішінде әні мен мәдениетін, ұлттық болмысын көрсету мақсатында қатысып жатыр екен.

"Жеңіске жетеді деп ойлаймыз, үміттенеміз. Негізі Димашқа түсетін ұсыныстар көп. Дегенмен концерт беру, әлемдік турнеге шығу оңай емес. Димаш жалғыз өзі емес, жанында музыканттар, хореографиялық ансамблі бар. Оның барлығы көп дайындықты қажет етеді. Мәскеуде, кейін Астанада концерті болады. Канада, Сеул, Түркия мен Қырғызстан, Өзбекстан, жалпы ТМД елдерінен концерт беруге шақыру түсті. Бәріне биыл үлгермейді", - дейді Светлана Айтбаева.

Айта кетейік, әншінің Мәскеуде 23 наурызда өтетін екінші концертіне де билеттің басым бөлігі сатылып кеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Мәскеуде тағы бір күн концерт беретінін хабарлаған еді.

Себебі әншінің 22 наурызға жоспарланған концертіне билет қалмаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel