RU
Қалмұханбет Қасымов ел есінде несімен қалды?
Жаңалықтар Қоғам

Қалмұханбет Қасымов ел есінде несімен қалды?

Рассказать Вконтакте

Бүгін 8 жыл Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов лауазымнан босатылып, басқа қызметке тағайындалды. Осы орайда КТК арнасы ұзақ жылдан соң орынтағын босатқан министрдің кезінде қандай оқиғалар болғанын, ел есінде немен есте қалғанын тізіп шықты.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: abctv.kz/Мария Матвиенко

Қалмұханбет Қасымов. Фото: abctv.kz/Мария Матвиенко

Телеарнаның хабарлауынша, Қасымовтың тұсында Ішкі істер министрлігі ең жемқор ведомстволардың тізімінен түспеген екен.

Дәл Қасымовтың кезінде тәртіп сақшылары ала таяқсыз қалған. Қалмұханбет Қасымов басқарған тұста Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай қызметін қосып алған.

Экс-министрдің кезінде Ақтөбе, Атырау, Тараздағы терактілер болды. Алматыда қарақшылар тапа-тал түсте Денис Тенді пышақтап кеткенде, жұрт ашық түрде Ішкі істер министрінің  отставкаға кетуін талап ете бастаған.

Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов ішкі істер саласын реформалауға да кіріскен еді. Полицейлердің қызметтік киімін жаңартып, өзгерісті формадан бастаған.

Ал Ішкі істер департаменттерін Полиция департаменті деп ауыстырды.

Сонымен қатар Қасымов журналистердің есінде желаяқ министр ретінде танымал боп қалмақ.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, 12-ші ақпанда Елбасының жарлығымен Қалмұханбет Қасымов президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Ал оның орнына 7 жыл Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев келді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel