Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте снаряд жарылысынан зардап шеккен науқастың бірі оқиғаны баяндады

Опубликовано:

Шымкентте артилериялық снаряд жарылысынан бір аяғы мен бір қолынан айырылған азамат үй иесі болып шықты. Ал оның сол мезетте жанында болған жиені екен деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: rabochy-put.ru
Көрнекі фото: rabochy-put.ru: Depositphotos

Жарылыстан зардап шекеннің бірі 22 жастағы Арыс қаласының тұрғыны. Ол қалада жеке көлігімен адам тасып нәпақа табады екен. Әдетте көлік ішіне түней салатынын айтқан жігіт дәл сол түні нағашысының үйіне қонуды құп көріпті. Ал снаряд жайлы мүлдем хабарсызбын деп отыр.   

"Түнде шаршаған соң соның үйіне барғанмын. Азанда тұрғанымда ол келіпті. Шәй-пәй ішіп болдық, бірдеңені кесіп жатты ол. Мен осындай жерде тұрсам 4-5 метр жерде нағашым бірдеңе кесіп жатқан. Мен машинамды қыздырып, кетпекші болғанмын. Сонымен атылды. Бір көзімді ашсам, бүктеліп жатырмын жерде. Одан кейін ештеңесін білмеймін. Маған келіп жатыр, "Снарядты қайдан алдың? Не қылдың?" Мен мүлдем ол снаряд туралы білмеймін", - дейді зардап шеккен.

Дәрігерлер 22 жастағы жігіттің жағдайы бірқалыпты орташа деп бағалап отыр. Ал жарылыстан зардап шеккен үй иесі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның халі бірқалыпты ауыр деп бағалануда.  

А. Төребекқызы

Еске сала кетейік, 11 ақпан күні таңертеңгілік уақытта Шымкенттегі Забадам шағын ауданында жек үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ауруханаға түскен еді.

Ішкі істер министрлігі жеке тұрғын үйдің бірінде болған жарылыстың себебін де атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1778274-symkentte-snarad-zarylysynan-zardap-sekken-naukasty-biri-okigany-baandady/

pixel