Выйти
RU

Көлік терезесінен сыра бөтелкесін лақтырған жігіт жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазнетте тас жолда бөтелке лақтырған ер адамның видеосы тарады. Жұрттың ашуын тудырған бейнежазба Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Кадрдан жолаушының сыра бөтелкесін көлік терезесінен лақтырғанын байқауға болады.

Айтуынша, ақылы жолда яғни Алматы-Байсерке бағытында кетіп бара жатыр. Осы үшін олар ақы төлеп, абонемент алған. Сондықтан ластауға құқы бар екен.

"Ақылы жол, Алматы, Байсеркеге бара жатырмыз. Біз ол үшін төлейміз. Қараңыздар, кезек. Міне, абонемент. Біз енді заңды құрметтейтін азаматтар, ластауға құқымыз бар. Мен осы жол үшін төледім. Төледік, кеттік. Енді жинасын", - дейді кадрдағы жігіт.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті Tengrinews.kz-ке қазір видеоны зерттеп жатқанын және құқық бұзушыны іздеп жатқанын мәлімдеген.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көлік терезесінен сыра бөтелкесін лақтырған жігіт жұрттың ашуына тиді (видео)