RU
Астанада үстіне қақпа құлаған 9 жасар балаға қатысты жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада үстіне қақпа құлаған 9 жасар балаға қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Астананың арнайы спорт мектептерінің бірінде тоғыз жастағы хоккейші баланың үстіне ауыр футбол қақпасы құлаған. Балақай қазір комада жатыр. Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Астанада үстіне қақпа құлаған ттоғыз жастағы балақайға қатысты тың ақпараттар белгілі болды

Фото: Видеодан скриншот

Қайғылы оқиға матчтар арасындағы бірнеше сағаттық үзіліс кезінде орын алғаны белгілі болды. Хоккей мектебінде таңертең бір матч өтіп, екінші матчтың басталуына бірнеше сағат қалған. Оқыс оқиға жас хоккейшілер бос жүргенде орын алған.

"Балалар ойнап жүрген. Бір бала еденде жатқан, ал екіншісі қақпа торымен алысып тұрған. Абайсызда ол қақпаны құлатып алыпты", - деді "Номад" мектебінің басшысы Вячеслав Борисов.

Қақпа тоғыз жасар баланың үстіне құлаған. Мектеп директоры бапкер бірнеше топ балаларын қадағалап жүргенін айтады.

Мектеп басшысының сөзінше, техникалық қауіпсіздік талаптары бойынша, футбол қақпасы бекітілмеуі керек.

"Кінәліміз. Балалар үшін біз жауап береміз керек. Қақпа техникалық талап бойынша бекітілмеуі тиіс. Себебі бекітсе де ол қауіп төндіреді", - деді спорт мектебінің басшысы.

Алайда дене шынықтырудан сабақ беруден 40 жылдық еңбек өтілі бар №32 мектеп-гимназиясының директоры Виктор Гродер Борисовтың сөзімен келіспейді.

"Арнайы ереже мен талаптар бар. Қақпа міндетті түрде бекітілуі тиіс", - деді Виктор Гродер.

Кішкентай спортшы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Оның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады деген ақпарат бар.

"Біздің қан орталығына балаға 42 ерікті донор келіп қан тапсырды", - деді қан орталығының меңгерушісі Альмира Рашидқызы.

Алайда спорт мектебінің директоры бала қанға, ал отбасы қаржылай көмекке мұқтаж емес екенін айтты. Ол азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Ғаламторда көп жалған ақпарат тарауда. Балаға қан қажет, ақша жинау керек деген сияқты хабарлама тарап жатыр. Әзірге ештеңе керек емес. Қажет болса, өзіміз ресми түрде сұраймыз", - деді Борисов.

Астаналық полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 309 бабы бойынша тергеу жүргіліп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, тоғыз жасар хоккейші баланың үстіне қақпа құлағанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel