RU
Ресейде тоғыз айлық қыз баланы зорлаған ер адам қамауға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде тоғыз айлық қыз баланы зорлаған ер адам қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Волгоград қаласында анасы дүкенге кеткенде ер адам тоғыз айлық қыз баланы зорлаған. Сәби ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды "Белновости" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейде тоғыз айлық қыз баланы зорлаған ер адам қамауға алынды

Көрнекі фото: pixabay.com

Жантүршігерлік оқиға Волгоградтағы жатақханалардың бірінде болған.

Араққа сылқия тойған 49 жастағы ер адам анасы дүкенге кеткен кезде тоғыз айлық қызды зорлап тастапты.

Үйіне қайтып келген анасы қызының шырылдап жылап жатқанын көрген, алайда жылауының себебін тек жөргегін ауыстырғанда тоқтамай аққан қанды көргенде түсінген.

Көршісі полиция шақыртпақ болғанда қыз баланың анасы алғашында қарсылық көрсетіпті. Әйел адам бесінші баласынан да айырылып қалам ба деп қорыққан.

Полицейлер азғын ойын іске асырған азаматты құрықтады. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер кінәсін мойындады.

Оның сөзінше, ол балақайды өз әрекетімен жұбатпақ болыпты.

Сіздің реакцияңыз
4
17
13
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel