RU
"Үйленбе": Ләйлә Сұлтанқызы қандай қыздар жаман болатынын ашып айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Үйленбе": Ләйлә Сұлтанқызы қандай қыздар жаман болатынын ашып айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфир барысында қандай қыздарды жаман деп атауға болатынын ашық түрде айтты. Мұндай бойжеткендердің қатарына танымал тележүргізуші иманы жоқ қаракөздерді де жатқызған. "Өз ойым" бағдарламасы кезінде ол мұндай аруларды жар етіп алудың қажеті жоқ екенін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Тікелей эфирде студияға келген қонақтармен арада орын алған пікірталас нәтижесінде Ләйлә Сұлтанқызы қандай қыздарға үйленбеген жөн екенін түсіндірді.

Тележүргізуші бағдарлама қатысушыларының ойымен келіспей, жаман қыздардың қандай болатынын жайып салды.

Ол қыздарды клубқа баруы мен кальян шегуі бойынша бірден бағалап, жаман атты ету қате екенін алға тартты.

"Ол аптасына, айына клубқа барды екен деп қалай оны жаман деп айтамын? Не ол жаман тәрбие алды ма? Әлде мамасын көріп айтып отырсыздар ма?

Сендер клубқа жалпы баратын қыздарды жек көріп отырсыңдар. Мен сіздерден басқа сөзді естігім келген.

Жаман қыз деген мынадай болады. Өтірік айтатын қыз - ол жаман, мейірімі жоқ қыз - ол жаман. Оған үйленбе. Иманы жоқ қыз - ол жаман. Міне жаман қыз деген.

Ал сіздер келесіздер де қысқа юбкасын, шеккен кальянын, айына, жылына бір рет барған клубын айтасыздар. Ескеріңіздер, сіздер таңдамайсыздар жарларыңызды. Олар керісінше, сіздерді таңдайды. Оған да келісесіздер" , - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз
20
3
0
3
3
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel