RU
Ақтөбелік көпбалалы ана көмек қолын созған жастарды көріп жылап жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік көпбалалы ана көмек қолын созған жастарды көріп жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қиын жағдайда тұрып жатқан көпбалалы жалғызбасты ана қапшық-қапшық азық-түлік әкелген жастарды көргенде жылап жіберді. Дәметкен Умарова бес баласын жалғыз өзі бағып отыр. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

кккка

Дәметкен Умарова. Фото: nur.kz

Ішімдіке салынған жолдасы балаларына көмектеспек түгілі жағдайын да сұрамайды екен.

Келіншек балаларға төленетін жәрдемақыға тамақ алып, жалдамалы пәтеріне төлеп отыр.

"Осы балаларыма болсын деп жүгіремін. Бала өсіп келе жатқан соң қатарынан кем болмағанын қалайсың.

Қызыма сабаққа киетін ақ көйлек алып бере алмай отырмын. Старостасы «ақ көйлек киіп кел» деп ұрысатын көрінеді.

Ақ көйлегі жоқ, оны қайдан тауып беремін? Менің уайымым - ақ көйлек емес, балаларымды аш қалдырмау. Қызым қазір көк түсті көйлек киіп жүр. Оны менің таңдап алған ештеңем жоқ, ол да біреудің әкеліп бергені.

Үш жасқа келген қызымды да балабақшаға бере алмай отырмын. Адам толық деп алмай отыр. «Мама, мен балабақшаға қашан барамын?» деп күнде сұрайды", - дейді Дәметкен Умарова.

Келіншек бұрын Әйтеке би ауданында тұрғанын айтады. Арқа сүйер ата-анасы қайтыс болғаннан кейін күн көріс үшін қалаға көшіп келіпті.

"Менің жұмыс жасағым келеді. Ешкімге алақан жаймай балаларыңды өзің асырағанға не жетсін?! Пәтерге айына 10 мың теңге төлеп отырмын.

Бұл үй басында от жағатын болды. Кейін демеушілердің көмегімен газ жүргізді. Үй әлі суық, қора сияқты ызғып тұрады. Кешкілік бәріміз бір бөлмеде тығылып жатамыз.

Таңертең балалар тоңып тұрмасын деп өзім таңғы сағат 5-те ерте тұрамын. Газдың астын, үстін жағып қоямын. Үй жылынғаннан кейін ғана балаларымды оятамын",- дейді келіншек.

Көпбалалы ананың жағдайын айтып облыстық білім басқармасына хабарластық.

"Бұл ана Алға ауданында тіркеуде тұр екен. Ертең қалаға тіркеу мәселесін шешіп, балабақшаға орналастырамыз. Отбасындағы жағдайды өз бақылауыма аламын",- деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel