RU
Ережесіз жекпе-жек жұлдызы түшкіремін деп арқасын жарақаттап алған
Жаңалықтар Спорт

Ережесіз жекпе-жек жұлдызы түшкіремін деп арқасын жарақаттап алған

Рассказать Вконтакте

Қалай жарақат алғанын айтып бермек болған ережесіз жекпе-жек жұлдызы Даниель Кормье күлкіге қалды. Спортшы түшкіремін деп күтпеген жағдайға тап болыпты. Көпшілік оның сөзін әзіл ретінде қабылдаған. Алайда ер адам жағдайдың шын мәнінде солай болғанын айтып, ақталды деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.ru

Фото: vesti.ru

Даниель Кормье денсаулығы мен жарақаты жайлы сөз қозғап, өзі тап болған қызық оқиға жайлы жеткізді.

"Нью-Йоркте болғанымда түшкіремін деп арқамды қатты жарақаттап алдым. Бұл қалжың емес. Әлі де емделіп жатырмын, жағдайым жақсарып келеді. Әзірге қашан жекпе-жекке шығатыным белгісіз.

Арқамның шығып кетуіне "үш аптада жұдырықтасуға дайындала салам" деген ой себеп болды. Келесі жекпе-жегім көктемде орын алып қалуы мүмкін. Бірақ, нақты айта алмаймын.

Ал қарсыласым болса, Брок Леснар шығар деп ойлаймын. Қайталап айтайын, мен Стипе Миочичпен тағы жұдырықтасуға дайынмын. Қазіргі таңда денсаулығыма байланысты өкінішке орай, сегіз бұрышқа шыға алмаймын" , - деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel