RU
Өскемендік 38 жастағы азамат өз көлігінде өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскемендік 38 жастағы азамат өз көлігінде өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғыны күйеуінің із-түзсіз кеткені туралы полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері ер адамды көлігінде өлі күйінде тапты деп жазады YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскемендік жүргізуші көлігінің ішінде тұншығып өлген

Көрнекі фото: medikforum.ru

Ер адамның жоғалғаны туралы арыз 10 ақпан күні кешкі сағат 23.00-де түскен.

Өскеменнің 33 жастағы тұрғыны 38 жастағы күйеуі көлігімен кетіп, қайтып оралмағанын хабарлапты.

11 ақпан күні тәртіп сақшылары ер адамның мәйітін тапқан.

Болжам бойынша, ер адам көліктен шыққан газға уланып қалған. Марқұмның денесі көліктің ішінде болған.

"Өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", -деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel