RU
Саясаттанушы Қасымовтың жаңа қызметке ауысуына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Саясаттанушы Қасымовтың жаңа қызметке ауысуына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Саясаттанушы Талғат Қалиев экс-министр Қалмұханбет Қасымовтың ІІМ-нен кетіп, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Саясаттанушы Қасымовтың отставкасына қатысты пікір білдірді

Фото: lada.kz

Саясаттанушы пікірін Telegram-арнасында жариялаған.

"Үштік рокировка. Қалмұханбет Қасымов қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды, Ғабит Байжанов "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің тізгінін қолға алды, ал Ерлан Тұрғымбаев меритократия қағидасы бойынша ІІМ-ін басқаратын болды.

Қалмұханбет Қасымовтың отставкасы қоғам талаптарынан біраз кештеу болды. Денис Тенге қатысты іс қаралып, аяқталғаннан кейін кетуі Елбасының қысымға төтеп бере алатынын, асығыс кадрлық шешім қабылдамайтынын тағы бір дәлелдеді", - деді саясаттанушы.

Маманның сөзінше, генералдың саясаттағы болашағы айқын емес. Қауіпсіздік хатшысы қызметі отставкасы көзге еленбей, жұмсақ өтуін қамтамасыз ететін уақытша орын болса керек.

Қысқа мерзімді болжам жасаған жағдайда, саясаттанушының пікірінше, Қасымов сенатқа өтуі мүмкін.

"Басқа ауысуларды отставкасының салдары ретінде қабылдау керек", - дейді маман.

"Осы оқиға еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға сабақ болуы тиіс. Қысым кезінде мұндай шешім беделқұмарлықтың айқын белгісі болар еді.

Оның үстіне министрдің қарамағындағы ведомствоның кінәсі айқын емес. Өрт қауіпсіздігін сақтау ІІМ-нің жауапкершілігінде, сондықтан да басшылық орнын босатты.

Қорытындылар жасалды. Үкімет отставкасы да көп ұзамай болатын сияқты. Бірақ мұны келесі жолы талқылаймын", -деп Талғат Қалиев сөзін аяқтаған.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel