Выйти
RU

Қостанайда бойжеткенді асқан зорлықпен өлтіргендер 48 жылға сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанайда өткен жылдың жазында Дарья Махартованы өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алау

Фото: Алау

Қостанай соты 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне кінәлілерді соттады.

Үкімге сәйкес, 26 жастағы Руслан Ажанов 23 жылға темір торға тоғытылса, 30 жастағы Анатолий Шевченко 25 жылға бас бостандығынан айрылды.

Еске сала кетсек, 18 жастағы Дарья Махартова өткен жылдың 20 шілдесі күні үйінен жүгіруге шығып, содан қайта оралмаған.

Қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Кейінірек оның денесін орманның арасынан тапқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанайда бойжеткенді асқан зорлықпен өлтіргендер 48 жылға сотталды