RU
Әлия Юсупованың бұрынғы күйеуі мәжіліс депутаты атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әлия Юсупованың бұрынғы күйеуі мәжіліс депутаты атанды

Рассказать Вконтакте

Кеше Қазақстан ОСК қаулысымен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұржан Әлтаев Парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Нуржан Әлтаев. Фото: atameken.kz

Нуржан Әлтаев. Фото: atameken.kz

"Осыған байланысты барлық депутаттық корпус атынан жаңадан сайланған әріптесімізді құттықтаймыз. Конституцияның 51 бабы, 6-тармағына сәйкес Парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді. Осыған байланысты, қазір ант беру үшін Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев шақырылады", - деді мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде жаңадан сайланған депутат Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын, тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың маған жүктелген жоғары міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деп атап өтті Әлтаев.

Ол аграрлық мәселелер комитетіне сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтарынан бастап Әлтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

Ол Көркем гимнастикадан спорт шебері Әлия Юсуповамен отбасын құрып, кейіннен ажырасып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel