RU
Бейнеуде дәрігерлер жаңа туған сәби мен анасының өмірі үшін 8 сағат күрескен
Жаңалықтар Қоғам

Бейнеуде дәрігерлер жаңа туған сәби мен анасының өмірі үшін 8 сағат күрескен

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында ақтаулы және атыраулық дәрігерлер жаңа туған сәби мен оның анасын өлім аузынан алып қалды. Ота сегіз сағаттан көп уақытқа созылған. Бұл туралы InAktau сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: inAktau

Фото: inAktau

Жедел қоңырау Бейнеу орталық аудандық ауруханасынан 11 ақпан күні келіп түскен. Анықталғандай, келіншектен қан тоқтамай, жағдайы ауырлап кеткен. Жүкті әйелді құтқару үшін Ақтау мен Атыраудан санитарлы авиация желісі бойынша дәрігерлер келген. Өкінішке қарай, оларға ауа райының қолайсыздығы- тұман мен көктайғақ та кедергі келтіріпті.

Медицина қызметкерлерінің оқиға орнына дер кезінде жетуіне облыс полицейлері көмектескен.

Бейнеу дәрігерлері бастаған отаны Атырау және Маңғыстау облыстыөқ перинаталды орталықтарының екң дәрігері жалғастырған. Сегіз сағаттан соң ота аяқталып, ана мен бала аман қалды.

"Анасының жасы 41-де. Бұл оның бесінші жүктілігі. Қыз дүниеге алты айлық, 1200 грамм болып келді. Қазір өзін жақсы сезінеді", -деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel