Выйти
RU

Тәуекел Мүсілім "Қара севдада" басты рөлді сомадаған актермен кездесті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі актер Тәуекел Мүсілім Түркияның "Қара севда" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған Каан Урганжиолымен түскен суретін желіге жүктеді. Оқырмандар аталмыш суретке аз уақытта мыңдаған лүпіл қойып, қос өнер адамына деген жүрекжарды тілектерін жаудырды деп жазады NUR.KZ.

Фото актердің Instagram парақшасынан алынды

Фото актердің Instagram парақшасынан алынды

Актер өзінің Instagram парақшасына жүктеген суретінде ағылшынша "Каан Урганжиолымен бірге" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Аз уақытта сурет мыңдаған лүпіл жинап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Олар "Эмирмен суретке түсудің өзі бір бақыт", "Жарайсыздар", "Екеулеріңіз де сымбаттысыздар" деген тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, түріктердің "Қара севда" телехикаясы 2015 жылы асқан танымалдылыққа ие болып, миллиондаған көрермендендің сүйіп көретін туындысына айналған еді.

Каан Урганжиолы онда басты кейіпкер Эмирдің ролін сомдаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тәуекел Мүсілім "Қара севдада" басты рөлді сомадаған актермен кездесті (фото)