RU
"Оған ер адам тиісті" : Астанада жоғалған баланың ата-анасы өз болжамдарын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Оған ер адам тиісті" : Астанада жоғалған баланың ата-анасы өз болжамдарын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада із-түзсіз жоғалып кеткен Болат Қожамжардың ата-анасы оның қайда болуы мүмкін екені жайлы өз болжамын айтты. Олар ұлының қайтып келеріне сенімді. Оқушыны осымен бесінші күн іздестіріп жатыр. Анықталғандай, соңғы болып жас жеткіншекті достары көрген. Балалар компьютер клубында бірге болған деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жоғалып кеткен бала мен оның ата-анасы. Фото: КТК

Жоғалып кеткен бала мен оның ата-анасы. Фото: КТК

Болаттың әкесі оның жоғалып кеткен күнін еске алды. Ер адамның сөзінше, ұлы басы ауырып тұрғанын айтып, сол күні ата-анасымен бірге жұма намазға бармай қойған.

Ерлі-зайыптылар қайтып келгенде жас жеткіншек үйінде болмапты. Ол тіпті кешке де оралмаған.

Сенбі күні Болаттың әкесі полицияға шағым түсіреді. Тәртіп сақшылары кітаптардан оқушы саусақтарының ізін түсіріп, оның жеке заттарын алған.

Отағасы ұлының достарымен бірге жүргені мен жақын арада үйге қайтып оралатынына сенімді.

Болат жоғалып кеткен күні достарына сағат сегізге дейін компьютер клубында ойнайтынын мәлімдеген. Алайда ол жерге жеткіншек мүлде бармаған болып шықты.

Оған клуб басшылығы ұсынған бейнекамералар видеосы дәлел болмақ. Бейнежазбада Болат мүлде жоқ.

Сонымен қатар, Болаттың әкесі оның компьютер ойындарына құмар екенін де білмеген.

Жоғалып кеткен жігіттің сыныптасының анасы оны бес күн бойы таба алмай жатқанына наразылық білдірді.

"Мына орнатылған камералар баланың қайда кетіп бара жатқанын көрсету керек қой. Бұлар сонда көліктерге айыппұл салу үшін ғана тұрғаны ма? Не үшін тұр бұлар? Не үшін бірінші қаңтарға дейін телефондарды тіркедік? Бұның барлығы не үшін керек? Бір баланы Астанадан таба алмай жатырмыз" , - деді әйел.

Болаттың ата-анасы оның ұялы телефоны үш күн бойы қосулы болғанын айтты. Алайда содан кейін телефон байланыс аясынан тыс жерде деп көрсеткен. Қоңыраулар мен хабарламаларға бала жауап бермеген.

Оған қоса, жеткіншектің тағы бір сыныптасының анасы оны бір ер адам бопсалағанын еске алды.

Бейтаныс азамат компьютер клубының алдында оның ұялы телефонын тартып алмақ болған. Сонымен қатар, ол оқушыдан ақша талап еткен.

Айта кетейік, Болат Қожамжар бес күннен бері әлі табылмай жатыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel