RU
"Миллион кімге бұйырады": Астаналық студент әйгілі жобаның былығын әшкереледі
Жаңалықтар Қоғам

"Миллион кімге бұйырады": Астаналық студент әйгілі жобаның былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Отандық арналардың бірінде көрсетілетін әйгілі "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасының былығы ашылды. Телевикторинаға қатысушы астаналық студентті ойынның редакторы алдап соққан деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Хабар агенттігі

Фото: Видеодан кадр/ Хабар агенттігі

Телеойынға қатысушы түсірілім кезінде өзінің алданып қалғанын ойын аяқталған соң бір-ақ білген.

Бұл бағдарламада ойыншыға үш жеңілдік берілетіні көпке мәлім.

Астаналық студент редактордың кесірінен осы көмектің ішінде досына қоңырау шалу мүмкіндігін қалт жіберіп алыпты.

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

"Мен қатысушылардың арасынан екінші болып шықтым. Ортаға бара жатқанда сондағы редактор қыз Эльмираға қоңырау шалмаңыз, ол телефонын көтермеді деп ескерту жасады.

Өзім таңғалдым. Ол кісі бағдарлама студиясына кіріп бара жатып хабарласқанда тұтқаны көтерген еді.

Эльмира - менің әпкем, досымның көмегі ретінде сол кісіге сеніп шыққанмын. Өзім түсірілім алдында тұрған соң біраз сасқалақтап қалғаным бар.

Ойынның 90 мың теңгелік сұрағына келгенде кідіріп қалдым. Сол бір ғана жеңілдігім бар еді. Редактордың Эльмираға қоңырау шалмаңыз деген сөздері құлағымда. Содан өз бетімше жауап беріп көріп едім. 20 мың теңгемен қайттым.

Түсірілімнен соң әпкеме хабарласып, не үшін телефоныңды көтермедің деп ренжідім. Ал шын мәнінде редактор қыз әпкеме қоңырау шалып, менің ортаға шыққанымды айтыпты.

Алдағы 30 минутта телефоныңыз жаныңызда болсын деп ескерткен. Әпкем жұмысының бәрін ысырып тастап, менен қоңырау күткен.

Бірақ редактордың маған басқаша жеткізгеніне таңғалып отырмын. Не мақсатта солай айтты екен деген оймен жүрмін", - дейді телевикторина қатысушысы Қорлан Қыдырмолданова.
Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Астаналық студент өзінің басынан өткен оқиғасымен не үшін бөлісіп отырғанын айтты.

"Мәселе ақшада емес. Аты дардай бағдарламада менен кейін қатысатын адамдар осылайша алданып қалмаса екен деген ниетте айтып отырмын. Телеойынға қатысуға сонау Атырау, Ақтау секілді алыс қалалардан ат арытып келетіндер бар" , -дейді ол.

NUR.KZ порталына өзін Айдана Аламан деп таныстырған бағдарлама редакторы бұл әрекетке не себепті барғанын нақты айта алмады.

"Мен тізімдегі үш адамға хабарласқанда Эльмира деген кісі телефонын көтермегендей болды", - деп жауап берді редактор.

Сіздің реакцияңыз
41
4
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel