RU
Жамбылдан шыққан меценат Мұхамед Әлиден қандай сыйлық алғанын айтты (фото)
Жаңалықтар Спорт

Жамбылдан шыққан меценат Мұхамед Әлиден қандай сыйлық алғанын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Былтыр "Жыл меценаты - 2018" атанған Жамбыл ауданы Сарысу ауданынан шыққан кәсіпкер Жанболат Бекмұсаев NUR.KZ тілшісіне аңыз адам Мұхаммед Әлиден қандай сыйлық алғанын айтып берді. Ол бокстан әлем чемпионы атанған Джо Фрейзермен де кездескен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысында туып өскен Жанболат Бекмұсаевтың бизнесте жолы болып, Америкадағы әріптестерімен Ақ Үйде Мұхаммед Әлимен жүздеспек болады.

Алайда аты аңызға айналған боксшымен жолығудың сәті түспепті.

Оған мойымаған кәсіпкер егіз ұлдарының біріне әлемге әйгілі боксшының есімін бергенін мақтанышпен еске алады.

"Бизнестен бұрын мен спортты жанымдай сүйемін. Жастайымнан боксқа қызығушылығым жоғары. Спорт - адамның ерік-жігерін күшейте түседі. Осы жасқа келгенше жаттығу залынан шықпаймын. Ұлдарымның кәсіби шаршы алаңда өнер көрсеткендерін қалаймын", - дейді кәсіпкер.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өткен жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданынан "Жомарт жан" бағдарламасы аясында "Жыл меценаты" атағына ұсынылған Жанболат Бекмұсаев кейін облыстық, республикалық деңгейде осындай атақтарға ие болған.

Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын мұхит асып, Американың астанасы Вашингтонда үлкен жиында болғанын еске алды. Оны шетелге бизнестегі досы, Джордж Буштың (үлкен - ред) арнайы көмекшісі болған Дан Вид (Doug Wead) шақырған екен.

Ақ Үйдегі отырысқа маңызды адамдар жиналатын болады. Мұхиттың арғы жағындағы достары қазақ кәсіпкеріне жаңа таныстар табуға болатынын айтқан.

Бизнестегі байланыстан бөлек Жанболат Бекмұсаевты өзінің кумирі Мұхаммед Әлимен кездесу қатты қызықтырған. Есімі аңызға айналған боксшы да Ақ үйдегі отырысқа келу керек болыпты.

 "Өкінішке орай, Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр беріп, келе алмады. Есесіне сыйлығын беріп жіберді. Аңыз адам тарту еткен сурет бүгінде үйімде ілулі тұр. Әлгі кешке әлемнің тағы бір чемпионы Джо Фрейзер келді.

Әлимен кездесе алмасам да, армандарымды Джоға айттым. Тіпті суретке түсіп үлгердік. Естен кетпес кездесуден кейін балаларымның да спортта жетістіктерге жетуін армандай бастадым.

Егер Мұхаммед Әлимен кездескенімде Қазақстанда да оның ізбасарлары өсіп келе жатқанын, қазақ деген ұлттан да мықты боксшылары бар екенін айтып ағымнан жарылғым келген. Өз басым тек қызығушы ретінде айналыстым. Жетістіктерге қол жеткізбедім ғой", - дейді Жанболат Бекмұсаев.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Джо Фрейзермен жүздескенде қазақ кәсіпкері балаша қуанған.

Ол ауыр салмақтағы бокстан әлем чемпионына сонау қазақ даласында талай боксшы өсіп келе жатқанын жеткізіпті.

Балаларының кәсіби бокспен айналысқанын қалайтын бизнесмен егіз ұлдарының біріне Мұхамед Әлидің есімін берген, сыңарын Мұхамед Абдолла деп атапты.

"Бүгінде екі ұлымды белгілі бапкерлердің бірі тәрбиелеп жатыр. Екеуі де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Болашақта үлкен ойындарда еліміздің көк байрағын желбіретіп, еліміздің әнұранын шырқатса деген арманым бар", - деп сөзін аяқтады Жанболат Бекмұсаев.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel