Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін келіссөздер жүргізіп, ақпаратпен бөлісіп, басталған істерді аяқтауға арналған күн. Әріптестеріңіз бен серіктеріңіз арасында беделіңіз өседі. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 14-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

14 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: Kolobok.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сізді өте әсерлі кездесулер күтіп тұр. Киім-кешегіңізге ерекше мән берген жөн. Сүйіктіңіз бар болса, онда романтикалық көңіл-күйде боласыз. Алайда бүгін онымен ренжісудің қажеті жоқ.

2. Торпақ

Бүгін рухани даму үшін өте қолайлы күн. Жетістікке жету үшін білек сыбана кірісіп, жаңа іске күшіңізді бағыттаған жөн. Отбасыңызда немесе жұмыс орнында көшбасына шығу үшін күрес бастауыңыз мүмкін.

3. Егіздер

Біреулер сізді арам ойларын жүзеге асыру үшін пайдалануы мүмкін. Жаңа адамдармен таныспауға тырысыңыз, танысқан күннің өзінде құпияларыңызбен бөліспеңіз. Сонымен қатар сізден жылу күтетін сүйіктілеріңіз жайында ұмытпаңыз.

4. Шаян

Бүгін айналадағы адамдар сізге көңіл бөлмейді. Бәлкім бұл романтикадан алыстап, өз мәселелеріңізбен ғана айналысып кеткендіктен болар? Дегенмен әдетте мүлде тілдеспейтін адам сізге тосын сый жасауы әбден мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін отбасыда келеңсіздіктер орын алып, жұмыста қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда кеш тыныш өтеді. Кешті романтикалық кездесуге арналған жөн.

6. Бикеш

Бүгін қолға алған жаңа бастамаңыз немесе жобаңыз жөніндегі жоспарларыңызды басқаларға көрсетіп, бөлісесіз. Шығармашылықпен айналысатын адамдарды үлкен жетістіктер күтіп тұр.

7. Таразы

Бүгінгі мерекені отбасыңызбен атап өтудің мүмкіндігі туады. Бірақ бұл жұмысқа көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Бәлкім мансабыңызды өсіруге септігін тигізетін жобаны жасауға ұсыныс түсуі мүмкін.

8. Сарышаян

Бүгін бірнеше керемет идеялар туындайды. Оларды жүзеге асыруға кіріспес бұрын, олардың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп алыңыз. Күн қолайлы болады, біршама жетістікке қол жеткізесіз.

9. Мерген

Кейбір мергендер үшін 14 ақпан бақтары жанған күн болады. Күні бойы әртүрлі ғажайыптар мен тосын сыйлардың куәсі боласыз. Ал қаржы мәселесіне келсек, бүгін ештеңе шешілмейді.

10. Тауешкі

Толассыз ақпарат легінен шаршадыңыз. Күнді балаларыңызға арнап, уақытты табиғат аясында, серуендеп өткізіңіз. Көптен бері шығармашылықпен айналысуды ойлап жүрсеңіз, жаңа салаға қадам жасайтын сәт келді. Құмар ойын мен белсенді спорт түрінен бойыңызды аулақ ұстаңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күн бірқалыпты өтеді. Жеке кәсібіңізде едәуір жетістікке жету мүмкіндігі бар. Әлі өмірлік серігіңізді таппаған болсаңыз, түр-әлпетіңізге көңіл бөлген жөн.

12. Балықтар

Бүгін өзімшілдік танытып, өзіңіз үшін маңызды нәрсе жасауыңызға болады. Қаржылық мәселелеріңізді шешіп, туыстарыңызбен татуласып, өзіңізге деген сенімсіздігіңізден арыла аласыз. Кешке қызықты адамдармен танысуыңыз мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778393-14-si-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel