RU
Ашуға мінген көкшетаулық жігіт суық күнде әкесін орманға апарып тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Ашуға мінген көкшетаулық жігіт суық күнде әкесін орманға апарып тастаған

Рассказать Вконтакте

Көкшетаулық жігіт ішімдікке құмар әкесін ашу үстінде тек іш киіммен орманға апарып тастаған. Әкесінен бала күннен қорлық көрген жігіт қарт кісінің аяқ-қолын байлап, қар үстінде қалдырған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:Ng72.ru

Фото:Ng72.ru

16 жыл бойы ішімдікке үйір болып, ұлын ұрып-соққан қария ауруханада ағзасына тиген салқыннан қайтыс болған.

2018 жылдың 31 қазанында отағасы үйде тағы да жанжал шығарған. Қызы қорқып кетіп, бауырына қоңырау шалады. Жас жігіт келген бойда әкесін еденге жатқызып, байлап, автокөліктің жүксалғышына салады.

Содан-соң мас әкесін орманға әкеліп, аяқ-қолын шешпей, бір іш киіммен қарға тастап кеткен.

Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші ер адамды байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақырады.

Аз уақыттың ішінде марқұмның ұлы ұсталып, тергеу барысында ол прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасайды.

Көкшетау қалалық соты 23 жастағы жігітті адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, қауіпті жағдайда қалдырып, абайсызда өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Сондай-ақ 5 жыл үш айға сотталған жігіт жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.

Сіздің реакцияңыз
1
4
5
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel