RU
Бақытбек Есентаевтың қарындасы қызын ұзатты (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бақытбек Есентаевтың қарындасы қызын ұзатты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бақытбек Есентаевтың қарындасы тұңғышын ұзатып, дүркіретіп той жасады. Нағима Есентаева қызы Әйгерімді ұзатқан сәтін Instagram парақшасына жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жүрегімнің ішіндегі жүрегімді аманат етіп, үзіп бердім. Тамырын тереңге жайған, текті әулетке жібердім. Барған жеріңді бақытты ет, жарығым! Сол әулеттің дана келіні болуды тілеймін! Балам Артур екеуің бірге қартайыңдар", - деп жазды Нағима Есентаева.
Фото: Нағима Есентаева қызының парақшасынан

Фото: Нағима Есентаева қызының парақшасынан

Анықталғандай, Есентаевтар жиенін 9 ақпан күні ұзатқан.

Нағима ханым күйеу баласының есімі Артур екенін де мәлім етті. Артур сүйіктісіне былтырғы жылдың қарашасында ұсыныс жасаған.

Қызының қуанышы жайлы анасы жариялап, жұртты қызықтырып қойған болатын.

Фото: Нағима Есентаева қызының парақшасынан

Фото: Нағима Есентаева қызының парақшасынан

Айта кетейк, Нағима Есентаеваның қызы Әйгерім Қалиева 28 жаста. Былтырғы жылы "Баян Сұлу" конкурсына қатысып, "Мисс фотогеничность" жүлдесімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
6
50
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel