Выйти
RU

Жаңадан сайланған депутат бір баланы асырауға 20 мың теңге жететінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін мәжілісте ант берген депутат Нұржан Әлтаев Қазақстанда үнемдеген жағдайда бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болатынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңа сайланған депутат Әлтаев бір баланы асырауға 20 мың теңге жететінін мәлімдеді

Фото: kazpravda.kz

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев депутат болып сайланды.

Жаңадан сайланған депутатқа БАҚ өкілдері: "Бес баланың әкесі ретінде, бір баланы асырауға айына қанша ақша кететінін айта аласыз ба? Айына 20 мың теңге бір балаға жете ме?", - деп сауал қойды.

Бұған депутат үнемдеген жағдайда жеткізуге болатынын мәлімдеді.

"Бұл сұрақты әйеліме қою керек. Күнделікті балалар күтімі соның мойнында. Мен ақша табумен айналысамын. Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткілікті деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін", - деді Нұржан Әлтаев.

Сондай-ақ Әлтаев депутаттардың баспанасына көшпегенін, жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұратынын айтты.

"Ондай пәтердің (депутаттарға арналған пәтер - ред.) бар-жоғын білмеймін. Біз пәтерді жалға алып тұрамыз. Бұл кішігірім екі бөлмелі пәтер", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңадан сайланған депутат бір баланы асырауға 20 мың теңге жететінін айтты