RU
"Екіжүзділер": Запашный циркінің парақшасында түсініксіз жазба пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

"Екіжүзділер": Запашный циркінің парақшасында түсініксіз жазба пайда болды

Рассказать Вконтакте

Мстислав Запашныйдың "Великий Русский Циркі" ресми парақшасында араңдатушылық жазба пайда болды. Цирк Алматы қаласына гастрольдік сапармен келген болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/m_zapashny

Фото: instagram.com/m_zapashny

"15 күні өте лас, бөрік киіп, жылқының етін жейтін табынға толы залдан видео күтеміз", - делінген жазбада.

Біраз уақыттан соң жазба өшірілгенімен, желі қолданушылары оны "скриндеп" алыпты.

Жазба жануарлардың қатысуымен желіде қайта-қайта пайда болатын үндеуге жауап болуы мүмкін.

NUR.KZ тілшісі Мстислав Запашный циркі өкілдеріне хабарласты.

Олар Instagram парақшасын жиырмаға жуық адам жүргізетінін айтып, ол жазбаны кім қалдырғанын әлі анықтай алмағанын айтқан.

Цирк өкілі жазбаның өшірілгенін жеткізген.

"Біздің Инстаграмдағы тобымызды көп адам жүргізеді. Жазбаны кім жазғаны әлі анықталмады. Көптеген желі қолданушылары "Запашный қайтыс болды", "Оны балалар өлтірді" деген сынды жағымсыз пікір қалдырған. Соған цирк қызметкерлерінің біреі шыдамай кетіп, жазба қалдырған сияқты", - деп түсіндірді цирк өкілі.
жазбадан скрин

жазбадан скрин

Ресейдің халық әртісі Мстислав Запашный әлеуметтік желідеге жазбаға қатысты пікір білдірген.

"Құрметті Қазақстандықтар, Instagram желісіндегі ресми тобымызда қазақстандық тұрғындардың әдеп-ғұрпын сыйламайтын видео пайда болыпты... Біздің тараптан мұндай ерсі әрекет болуы мүмкін еместігін айтқым келеді.

Біз Қазақстанды жақсы көреміз, қазақ халқының дәстүрін құрметтейміз...

Мен әлі өзіме келе алмай тұрмын. Қазақ пен орыс ұлттарының арасына іріткі салғысы келіп, осы жазбаны ойластырған адамның атынан кешірім сұраймын", - деді әртіс.

Сіздің реакцияңыз
10
1
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel