RU
Ақбота Сейтмағамбет Дәуренге не үшін қайта қосылғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейтмағамбет Дәуренге не үшін қайта қосылғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловқа неліктен қайта қосылғанын мәлім етті. Біраз уақыт қосылып, қайта айырылысып жүрген өнер иелерінің бас қосуына актердің өзі себепші болған деп жазады 7 арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, ол ұлын жетім өсіргісі келмеген.

"Ұсыныс сол кісінің тарапынан түсті. Мен де баламды жетім өсіргім келмейді ғой. Әр жерге барып, жылай бермей есімді жидым. "Бір нанды бөлісіп жеген жолдасым ғой" деп қайта қосылдым.
Бір баламен қалған, ажырасқан келіншектер мені түсінеді деп ойлаймын. 2017 жылдардың мен үшін қиын болғанын бәрі біледі ғой", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Сондай-ақ актриса өзінің балалы болғалы қатты өзгергенін де жасырмады.

"19 жасқа дейін жай ғана апасының ерке, ақкөңіл қызы болатынмын. Қазір екі баланың анасы атанғаннан кейін өмірге деген көзқарасың өзгереді екен. Қазір отбасын ойлайтын, жинақы Ақботамын. Қатты болуыма өмірдің өзі итермеледі", - деді ағынан жарылған әнші.

Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтарында Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың шаңырағында екінші сәби өмірге келді.

Сонымен қатар Ақбота Сейтмағамбет ешқашан өнер адамына тұрмысқа шыққысы келмегенін де айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel