RU
Ресейде көлік қағып өлтірген қыздың денесі ШҚО-ға жеткізілетін болды
Жаңалықтар Қоғам

Ресейде көлік қағып өлтірген қыздың денесі ШҚО-ға жеткізілетін болды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Красноярск қаласында ШҚО-ға қарасты Алтай ауданының 24 жастағы тумасын көлік қағып, мерт қылған. Енді бойжеткеннің денесін Алтайға жеткізуге үшін ресейліктер көмек бермек деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: Алтайньюс

Фото: Алтайньюс

Қайғылы жағдай 11 ақпанда орын алған. 24 жастағы Валентина Парахина Алтай ауданы Малеевск ауылында туған.

Бойжеткеннің туыстары әлеуметтік желі арқылы жұрттан көмек сұраған болатын. Себебі, мәйітті ШҚО-ға жеткізу үшін Ресейдің валютасымен 100 мың рубль қажет болған. Мұндай қаражатты туыстарының қалтасы көтермеген екен.

Қажет сома бір тәулік ішінде жиналған. Бүгін Валентинаның денесін ұшақпен Қазақстанға жеткізетін болды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel