Выйти
RU

Мәдина Сәдуақасова купальникпен сурет салғаны үшін күйеуінен сөз естіген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәдина Сәдуақасова Таиландтағы демалысын аяқтап, Қазақстанға ұшып келген. Екі аптаға жуық уақытын жылы мекенде өткізген әнші, осы аралықта талай қызықтың орын алғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы Сәдуақасова Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған.

Әнші демалысты жақсы өткізгенін, арасында тыңдармандары мен Олжастан сөз естігенін атап өтті.

"Суреттерді салдым, сосын өшірдім, тағы салдым... Күлдім, ренжідім, жыладым, осы 2 апта бір ерекше болды", - дейді Сәдуақасова.

Ол туған жерді, ата анасын, отағасын сағынғанын жеткізіп, жаңа серпінмен шығармашылыққа кірісетінін айтты.

Еске сала кетсек, купальникпен түскен суретін көрсеткен Мәдина Сәдуақасова желіде қызу талқыға түсіп, жұрттан сөз естіген.

Кейінірек қысқа шорты киген әнгі тағы да жұрттың сынына ұшыраған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәдина Сәдуақасова купальникпен сурет салғаны үшін күйеуінен сөз естіген