RU
Сүйіктісі жантүршігерлік жол апатына түскен ару халықтан жанұшыра көмек сұрауда (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сүйіктісі жантүршігерлік жол апатына түскен ару халықтан жанұшыра көмек сұрауда (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылық Бақдәулет Әмірхан осыдан екі жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түсіп, төсек тартып қалған. Жұлынына қатты зақым келген жігітке бүгінде шетелде ем қажет деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Осыдан екі жыл бұрын жол апатына түскен Бақдәулет Әмірханға бірнеше ота жасалған. Өздігінен қимылдаудан қалған жігіт, бүгінде шұғыл түрде шетелге барып ем алу қажет екен.

"Бақдәулет осыдан екі жыл бұрын жол апатына түсіп, жұлынын қатты зақымдап алды. Өздігінен дем ала алмай, дәрігерлер оның мойнына темір салып, сол арқылы омыртқасын ұстатып қойған еді. Сол темірдің кесірінен қанша уақыт бойы МРТ-ға түсе алмай жүрдік. Көптеген ауруханалар "омыртқаны тексере алмаймыз" деп кері қайтарып жатты.
Тек дәрігер Туйчи бей ғана бізді қабылдап, МРТ-ға түстік. Оның айтуынша, Бақдәулетте үміт оты бар, яғни, оның жұлынына өзек жасушалары керек екен. Алайда, ондай емді Қазақстанда жасамайтын көрінеді. Тек Ресей және басқа да шетелдерде жасайды екен. Сол себепті, көпшіліктен көмек сұрап отырмыз", - дейі Бақдәулеттің сүйіктісі Құралай.

Бойжеткен жас жігітті аяқтан тік тұрғызу үшін, қазірден бастап шұғыл әрекет ету керек екенін айтады.

"Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Оңалтуға барсақ па деген жоспарымыз бар. Уақыт жоғалтпай, тездетіп әрекеттенуіміз қажет. Қазірдің өзінде Испанияның Текнон клиникасынан "құжаттарды жіберіңіздер" деген хат келді. Ол клиникада бір курс шамамен 17 000 евро деп көрсетілген. Ал бізге осындай 2-3 курс керек екен. Сонда шамамен 20 миллион теңгедей ақша қажет болып тұр. Сол себепті барша мейірімді қазақстандытардан көмек қолын созуды сұраймыз", - дейді ару.

Бақдәулет Әмірханға көмек қолын созам деген жандар үшін реквизиттар:

Kaspi gold: 5169493163272159 Амирханов Ердаулет (інісі)

ИИН 991230300662

Eurasian Bank: 5269940004768323

Бекетаева Шынар (анасы)

ИИН 740907401554

QIWI кошелёк: 87081088515

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
33
0
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel