RU
Астаналық жігіттер "Әулие Валентин күнін" тойлау үшін естен кетпес сый дайындауда
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық жігіттер "Әулие Валентин күнін" тойлау үшін естен кетпес сый дайындауда

Рассказать Вконтакте

Астаналық жастар "Әулие Валентин" күнін атап өту үшін, мейрамханаларда арнайы орындарға тапсырыс беріп, сүйіктілеріне сыйлық алып жатыр. Қаладағы Event агенттіктері өкілдерінің айтуынша, дәл осы күні жігіттер болашақ жарларына үйлену жайлы ұсыныс жасамақшы деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Retail & Loyalty

Көрнекі фото: Retail & Loyalty

Астанадағы Event агенттіктері өкілдерінің сөзінше, кешелі бері ерекше, романтикалық кеш ұйымдастыру туралы тапсырыстар көп түсіп жатыр екен. Жігіттер үйлену туралы ұсыныс жасау үшін дәл осы күнді таңдапты.

"Тапсырыс көп, әсіресе романтикалық кеш ұйымдастыруға қатысты тапсырыс беріп жатқандар баршылық. Тек 14-де ғана 20-дан астам клиентке дәл осындай тапсырысты орындауымыз керек. Біреулерге мейрамхана дастарханынан бастап, суретке түсу қабырғасына дейін дайындап жатсақ, енді біріне кәдімгі шар, шамдарды дайындап жатырмыз.
Әрине, көпшілігі қыздарына ұсыныс жасауға "ғашықтар күнін" таңдап отыр. Себебі қазір бойжеткендердің дені үйлену туралы ұсынысты ерекше етіп жасаса екен дейді. Сондықтан ертеңгі күні үйленейін деп жүрген жастар үшін, таптырмас мүмкіндік болып отыр", - дейді кеш ұйымдастыру агенттігінің өкілі.

"Астаналықтардан аталмыш мерекені атап өтесіз бе?" деп сұрап көргенімізде, көпшілік үшін бір жылдары жаппай сынға ұшыраған "Валентин күні" әлі де айрықша мерекелердің бірі екенін аңғардық.

"Онда тұрған ештеңе жоқ дей ойлаймын. Әрине, біздің мектеп кезіміздегідей қазір аса танымал мереке емес. Бірақ осы мейрам десе, сол кездегі балалық шақ еске түседі. Сондықтан, жан жарымызбен атап өтсек пе деп отырмыз. Кешке дәмді ас әзірлейтін мейрамханаға баратын шығармыз", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel